Батыс Қазақстан облысында 50 медициналық-санитарлық көмек нысанын салу

Батыс Қазақстан облысында 50 медициналық-санитарлық көмек нысанын салу

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылға дейін ауылдық елді
мекендерде 50 алғашқы медициналық - санитарлық көмек нысандарын (дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт) салу жоспарлануда, оның ішінде 24 нысан 2023 жылға, 26 нысан 2024 жылға жоспарланған.
Бүгінгі таңда 50 нысанда жер учаскелері ресімделді, сондай-ақ сәулет
–жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2023 жылға жоспарланған 24 медициналық нысандардың, өткен жылы Басқармамен 14 медициналық нысанына сараптаманың оң қорытындысы бар жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді, оның ішінде 6- дәрігерлік амбулатория, 8- фельдшерлік-акушерлік пункттер.
Қазіргі уақытта 14 нысан бойынша мердігерлерді анықтау бойынша
конкурс жариялауға дайындау жұмыстары жүргізілуде.