Батыс Қазақстан облысындағы 51 шағын жинақты мектеп құрылысы

Батыс Қазақстан облысындағы 51 шағын жинақты мектеп құрылысы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы Жолдауын
орындау мақсатында өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің (ӨБК)
міндеттемелері шеңберінде КПО б.в. Компаниясының қаражаты есебінен 2023 жылы 60 және 108 орындық 15 шағын жинақты мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 2022 жылдың қараша айынан бастап Теректі ауданының Пойма ауылында 1 ЖШМ жалғасуда, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Ақжайық ауданы Жайық ауылы, Атамекен, Бәйтерек ауданы Өркен, Жалын, Садовое, Жайық ауылдары, Бөрлі ауданы Жарсуат ауылы, Жәнібек ауданы Ақоба ауылы, Казталов ауданы Саралжын ауылы, Қаратөбе
ауданы Ханкөл, Соналы ауылдары, Теректі ауданы Абай, Үлкен Еңбек,
Пойма, Магистральное ауылдарында 14 шағын жинақты мектептің құрылысы басталды.
Бүгінгі таңда барлық жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізілуде. Жобаларды ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.