Медициналық нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу

Медициналық нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу

Батыс Қазақстан облысының Кешенді даму жоспары аясында ағымдағы жылы 33 медициналық нысандардың құрылысы жоспарлануда (6 – дәрігерлік амбулатория, 16 – медициналық пунктер және 11 – фельдшерлік-акушерлік пунктер). Оның ішінде облыстық бюджет есебінен 6 дәрігерлік амбулатория нысандары бойынша ЖСҚ әзірленуде (Бәйтерек ауданының Асан аулында, Бөрлі ауданының Аралтал ауылында, Сырым ауданының Бұлдырты ауылында, Жаңақала ауданының Маштексай ауылында, Казталов ауданының Бостандық ауылында, Теректі ауданының Сарыөмір ауылында).