«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендердеде жалға берілетін тұрғын үй құрылысы

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендердеде жалға берілетін тұрғын үй құрылысы

2022 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде жергілікті атқарушы орган кезегінде тұрғандар үшін 37 тұрғын үй  құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде Ақжайық ауданы – 3 үй (60 пәтер), Казталов ауданы - 2 үй (24 пәтер), Жаңақала ауданы - 21 үй (61 пәтер), Қаратөбе ауданы – 3 үй (12 пәтер), Тасқала ауданы – 1 үй (18 пәтер), Теректі ауданы - 6 үй (144 пәтер), Шыңғырлау ауданы – 1 үй (45 пәтер).

Жылдың қорытындысы бойынша ауылдық елді мекендерде жергілікті атқарушы орган кезегінде тұрғандар үшін 34 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл Ақжайық ауданындағы 3 үй, Казталов ауданындағы 2 үй, Жаңақала ауданындағы 21 үй, Қаратөбе ауданындағы 3 үй, Тасқала ауданындағы 1 үй, Теректі ауданындағы 3 үй, Шыңғырлау ауданындағы 1 үй, барлығы 292 пәтер. Бүгінгі күні Жаңақала ауданындағы 1 үй (21 пәтер) қолданысқа енгізілді.

Пәтерлер жергілікті атқарушы орган кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары мен аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қолданысқа беріледі.