«ADAL KÓMEK» жоба аясында жеке азаматтарды қабылдау шарасы

«ADAL KÓMEK» жоба аясында  жеке азаматтарды қабылдау шарасы

Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары – Нұркен Еділұлы Молдашев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен ұйымдастырылған «ADAL KÓMEK» жоба аясында  жеке азаматтарды қабылдау шарасына қатысты.

Жобаның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады. Аталған Жоба барысында тұрғындарға ұзақ мерзімді құрылыстар сұрақтары бойынша тегін құқықтық кеңестер берілді.

Қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру және қабылданатын шешімдердің жариялылығын қамтамасыз ету аса маңызды мәселелердің бірі болып саналады.