Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Атамекен ауылында 108 орындық мектептің құрылысы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Атамекен ауылында 108 орындық мектептің құрылысы

Ағымдағы жылы КПО б.в. компаниясының қаражаты есебінен әлеуметтік-инвестициялық жобалар шеңберінде Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Атамекен ауылында 108 орындық мектептің құрылысын бастау жоспарлануда.

Мектеп құрылысы кезінде басты міндет балалар үшін қолайлы кеңістік құру және осы ауылда тұратын барлық мектеп жасындағы балаларды жалпы білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету болып табылады.

Бүгінгі таңда Атамекен ауылының халқы - 571 адамды құрайды. Ауыл аудан орталығынан 100 км жерде орналасқан. Қолданыстағы мектеп 2018 жылдың 2 мамырында апатты деп танылды.

Осы жобада қарастырылған іс - шаралар Атамекен ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Жобаны іске асыру жұмыс тиімділігін арттыруға және мектеп оқушыларының сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық және санитариялық-эпидемиологиялық өмір сүру жағдайлары жақсарады, бұл халықтың демографиялық жағдайына оң әсер етеді, қосымша тұрақты жұмыс орындары құрылады, мектепке дейінгі жастағы балалардың мектепалды даярлығын алуы үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

Жобада күрделі конфигурациялы бір қабатты мектеп ғимаратының құрылысы қарастырылған. Мектеп ғимараты оқу корпусынан және оқу-спорттық және акт залы бар, оқу корпусымен бір қабатты ендірмесі бар корпустан тұрады.

Бүгінгі таңда аталған жоба бойынша КПО б.в. компаниясы тарапынан мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.