"ШЖҚ "Облыстық көп бейінді аурухана"МКК №11 корпусына қосымша құрылыс салу"

"ШЖҚ "Облыстық көп бейінді аурухана"МКК №11 корпусына қосымша құрылыс салу"
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық сақтау саласын дамыту жыл сайын жақсарып келеді. "Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021" бағдарламасы шеңберінде ШЖҚ "Облыстық көп бейінді аурухана"МКК №11 корпусына қосымша құрылыс салу басталды. Жобаны іске асырудың мақсаты шұғыл медициналық көмек көрсету және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылады.Ғимаратта мамандандырылған төсектермен және медициналық жабдықтармен жабдықталған қарқынды терапия палатасы орналасқан. Сондай-ақ күтуге арналған зал қарастырылған, ол жұмсақ орындықтармен және электронды кезекпен жабдықталған.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының мердігері "СПС" ЖШС болып табылады. Бүгінгі күні әрлеу жұмыстары сонымен қатар терезелер мен есіктерді орнату жұмыстары жүргізілуде.Шарт бойынша жобаны аяқтау мерзімі 2020 жылдың желтоқсан айында. Жобаны іске асырумен қабылдау бөлімшесінің жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастыруға, бірінші кезектегі және біртекті медициналық қызметтерге мұқтаждығына қарай науқастарды топтарға бөлуді көздеу мүмкіндігі пайда болады: өміріне қауіп төндіретін жағдайда түскен науқастар бірден реанимацияға жеткізілетін болады.