Орал қаласында 550 төсек-орынға арналған жаңа облыстық көпсалалы аурухананың жобасы әзірленуде

Орал қаласында 550 төсек-орынға арналған жаңа облыстық көпсалалы аурухананың жобасы әзірленуде

Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасымен Орал қаласында 550 төсек-орынға арналған жаңа облыстық көпсалалы аурухананың жобасы әзірленуде.
Болашақ медициналық орталық Ақжайық шағынауданында орналасып, заманауи палаталар мен бірнеше мамандандырылған бөлімшелерді біріктіреді. Ғимарат үш негізгі блоктан тұрады:
- хирургиялық блок, оның ішінде 50 орынға кардиология және қан тамыр хирургия бөлімі қарастырылған
- терапиялық блок,
- оңалту бөлімшелері.
Қосымша ретінде 118 орындық күндізгі стационар бөлек қарастырылады.
Аурухана заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, пациенттер ағынын бөлуге арналған TRIAGE жүйесі енгізіледі - шұғыл көмек және жоспарлы госпитализация. Бұл медициналық көмекті жедел көрсетіп, ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Аумақта шұғыл медициналық эвакуацияға арналған тікұшақ алаңы да салынады - бұл пациенттерді жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартып, өмірді сақтап қалу мүмкіндігін арттырады.