
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, заманауи білім беру инфрақұрылымын қалыптастыру және әрбір балаға сапалы білім алуда тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Орал қаласының Зашаған кентінде 600 орындық жаңа мектебі пайдалануға берілді.
Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы қатысып, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы өскелең ұрпақтың жарқын болашағына бағытталған үлкен қамқорлықтың айқын дәлелі екенін атап өтті.
Жаңа мектеп ошағында 33 оқу кабинеті, дизайн-технология, робототехника, инклюзивті білім беру кабинеттері, хореография, екі спорт залдары, шығармашылық және техникалық бағыттағы шеберханалар, кітапхана және 130 орындық акт залы қарастырылған. Мектеп ғимаратында балалардың жан-жақты дамуы мен мұғалімдердің жайлы жұмыс атқаруы үшін барлық жағдай жасалған.