«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Бөрлі, Бәйтерек аудандарында, Орал қаласында мектептер құрылысы бой көтеруде. Жобаның құрылыс - монтаждау жұмыстарының жүзеге асырылуы мақсатымен танысу және сапасын бақылау мақсатында БҚО әкімі орынбасары Мендигалиев Каиржан Ермекович, БҚО Құрылыс басқармасы, БҚО Білім басқармасы және “Самұрық-Қазына” АҚ аудандарға арнайы іссапармен нысандарды аралап шықты. Құрылыс нысандарымен танысып, мектептердің сапасы мен мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету керектігін алға тартты.
«Аталған нысандар іске қосылған соң, аудандардағы білім беру инфрақұрылымының сапасы артып, оқушылар үшін қауіпсіз, қолайлы орта қалыптасады», - К.Мендигалиев.
«Жайлы мектеп» жобасы аясында салынғалы жатқан мектептер білім саласына жаңа серпін беретіні сөзсіз. Оқушылардың жайлы, қауіпсіз, заманауи ортада білім алуына барлық жағдай ұсынылатын болады!