Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысында 50 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарын салу жоспарланды (11 - дәрігерлік амбулатория, 21 - фельдшерлік-акушерлік пункт, 18 - медициналық пункт).
50 медициналық нысанның ішінде салтанатты түрде ашылған 39-ыншы Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт.
Қалған 11 медициналық нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары бүгін аяқталу сатысында.
БҚО Ақжайық ауданы, Көнеккеткен ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) өз жұмысын бастады! Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі, медициналық қызметкерлер және ауыл тұрғындары қатысты.
Бұл – ауыл тұрғындары үшін сапалы, уақытылы және қолжетімді медициналық көмектің жаңа деңгейі! Нысан келесідей қызмет түрлерін жоғары деңгейде ұсынатын болады: