Ақжайық шағынауданында құрылыс қарқынды жүргізілуде

Ақжайық шағынауданында құрылыс қарқынды жүргізілуде

Орал қаласының жаңа Ақжайық шағынауданында ауқымды құрылыс жұмыстары жүзеге асуда. Бюджет қаражаты есебінен 25 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес 56 әлеуметтік нысан, 2 мектеп (әрқайсысы 1500 оқушыға арналған), 4 спорт кешені, 9 балабақша, 2 емхана, сондай-ақ 4 алаң мен бульвар саябақтарының құрылысы көзделген.

Сондай-ақ, шағынауданда 550 орынға арналған облыстық көпбейінді ауруханасында кардиологиялық орталығымен бірге және 200 орынға арналған перинаталдық орталық құрылысы жоспарлануда.

Қазіргі таңда 8 көппәтерлі тұрғын үй мен 150 орындық оңалту орталығы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жаңа кәріз сорғы станциясының құрылысы аяқталып, іске қосылды. 2024 жылы 390 тұрғын үйге мұқтаж отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта 370 пәтерді қамтитын 3 көпқабатты тұрғын үй бойынша «Отбасы банк» АҚ-ға құжаттарды өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамту бойынша екі нысанның құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар шағынауданымзда су қысымын тұрақтандыратын насос станциясы және жалпы ұзындығы 26 шақырым болатын ішкі асфальт жолдарының құрылысы жалғасуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, бюджет қаражаты есебінен тағы 2 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұған қосымша, жеке инвестициялар есебінен 10 коммерциялық көпқабатты тұрғын үй салынуда.