Қаражар ауылында жаңа медициналық пункт ашылды

Қаражар ауылында жаңа медициналық пункт ашылды

Қаражар ауылында жаңа медициналық пункт ашылды! 

2025 жылдың 6 маусымы күні Бәйтерек ауданына қарасты Қаражар ауылында жаңадан бой көтерген медициналық пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ауыл тұрғындары көптен күткен бұл әлеуметтік нысан – медицина саласын жетілдіру, алғашқы медициналық көмек көрсету сапасын арттыру және ауыл халқына қолжетімді қызмет ұсыну жолындағы үлкен қадам.

  • Жаңа медициналық пункт заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған;
  • Білікті медицина қызметкерлері қызмет көрсетуге дайын;
  • Ауыл ішіндегі тұрғындарға жақын әрі қолайлы орналасқан;
  • Алғашқы көмек, профилактикалық тексерулер және тұрақты ем-дом шаралары жүргізілетін болады.

Ашылу салтанатына аудан басшылығы, медицина саласының қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында жаңа нысанның ауыл дамуына қосар үлесі ерекше атап өтілді.

Бұл – ауылдың әлеуметтік-инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған нақты істердің бірі. Ауыл тұрғындарының игілігіне арналған нысан бәрімізге ортақ қуаныш!

«Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі» деген ұстанымды басшылыққа ала отырып, осындай игі істер жалғасын таба берсін!