Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Зеленое ауылында мамыр айында жаңа медициналық пункттің ашылуы жүзеге асырылды.
Бұл медициналық нысан ауыл тұрғындарын алғашқы медициналық – санитариялық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған. Заманауи талаптарға сай медициналық құрал – жабдықтармен және білікті мамандармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, екпе егу, скрининг, жедел және шұғыл медициналық көмек қызметтерін көрсету мүмкіндіктер бар.
Енді ауыл тұрғындары сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметтерді өз елді мекенінде алу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, алғашқы медициналық көмек көрсету, дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету және профилактикалық тексерулер жүргізу секілді қызметтер ұсынылатын болады. Аталған маңызды әлеуметтік нысанның ашылуы – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және өңірдегі денсаулық сақтау қызметінің қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір көрінісі болып табылады.