Жыл басына орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізген ауылдар саны 307 (413-тен) құрады, 290,7 мың тұрғыны бар немесе барлық ауылдар халқының жалпы санының 97%-ы, оның ішінде 38 ауылда кешенді блок модульдер орнатылған.
2024 жылдың қорытындысы бойынша жалпы 35 мыңнан астам тұрғыны бар 20 ауылдық елді мекенге орталықтандырылған ауыз су желісі тартылды. Осы мақсатта 5,7 млрд. тенге қаражат жұмсалды. Оған қоса, мыңға жуық тұрғыны бар 12 ауылға кешенді блок модульдар орнатылды.
Ағымдағы жылы 16 ауылдық елді мекенді (4 мыңнан астам адам) сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 15 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда осы мақсатқа барлық қаржыландыру көздерінен 8,4 млрд. теңге (РБ – 1,0 млрд. теңге, ҰҚ – 0,5 млрд. теңге, АМҚ- 4,3 млрд. теңге, ЖБ – 2,6 млрд. теңге) бөлінді. Бүгінгі таңда барлық нысандар бойынша мердігер ұйымдары анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жыл соңында 8 мыңдай адам таза ауыз сумен қамтылатын болады. Нәтижесінде, өңір халқының 100%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.