Облыс әкімінің бірінші орынбасары Өтеғұлов Арман Кәрімұлы Басқарма қызметкерлерін марапаттады

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Өтеғұлов Арман Кәрімұлы Басқарма қызметкерлерін  марапаттады

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Өтеғұлов Арман Кәрімұлы Басқарма қызметкерлерін  марапаттады. Ішкі әкімшілік бөлімінің басшысы Ұлыш Жолдығалиқызы Көшекова  «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталса, Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бөлімінің бас маманы Утепов Мендеш Амантайұлы Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Жер саласына қосқан үлесі, ерен еңбегі үшін Зейнеткер Актамгалиев Болат Ғабдышакирұлы «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапатталды.