Басқарма басшысы Берік Абатұлы басқарманың зейнеткерлерін құттықтап, «Құрметті ардагер» төсбелгісін табыстады

Басқарма басшысы Берік Абатұлы басқарманың зейнеткерлерін құттықтап, «Құрметті ардагер» төсбелгісін табыстады

1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының ұжымы атынан басшы Берік Абатұлы Есенғалиев басқарманың зейнеткерлері Нұрғалиев Салауат Ғаббасұлын, Казыбаев Кадырбек Тугаевичты, Кенжин Тлекқабыл Муташевичты, Тажмуханов Болат Мурзахметовичты құттықтап, «Құрметті ардагер» төсбелгісін табыстады. Батыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Амангелдіұлы Өмірәлиев құттықтау сөзін сөйледі.

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата - бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл - кеңестеріңіз, тәлім - тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облысымыздың жер саласына қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.