Жаңа 2021 жылды мерекелеу қарсаңында

Жаңа 2021 жылды мерекелеу қарсаңында

Бүгін Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасында келе жатқан Жаңа 2021 жылға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты жиында Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Наурызбайұлы Манкеев құттықтау сөз сөйлеп, Басқарма қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.

Жаңа жыл қарсаңында Басқарма қызметкерлеріне Басқарма басшысы Берік Абатұлы Есенғалиевтен лауазымдық міндеттерін үлгілі және адал орындағаны үшін ерекше алғыс білдірілді.

Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа 2021 жылмен құттықтайды.