2023-2024 ЖЫЛДАРДЫҢ ҚЫСҚЫ МЕЗГІЛІНЕ БҚО ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ДАЙЫНДЫҒЫ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

2023-2024 ЖЫЛДАРДЫҢ ҚЫСҚЫ МЕЗГІЛІНЕ БҚО ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ДАЙЫНДЫҒЫ  БАРЫСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

 

 

2023-2024 ЖЫЛДАРДЫҢ ҚЫСҚЫ МЕЗГІЛІНЕ

БҚО ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ

ЖОЛДАРЫН ДАЙЫНДЫҒЫ  БАРЫСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ.

 

Автомобиль жолдарындағы қауіпті участкелерді қар басуының алдын алу үшін, сондай-ақ қыстың уақытында жолдарда үздіксіз көлік қатынасын ұйымдастыру жұмыстарын жасау үшін ұйымдастырушылық-техникалық  шаралар әзірленіп, мердігерлерге жеткізілді.

Облыстық және аудандық маңызы бар  автожолдарда қысқы  уақытта күтіп ұстау жұмыстарымен айналысатын 28 мердігер ұйымдар бар.

Бұл ұйымдардың  иелігінде 319 бірлік қар тазалағыш техника бар, атап айтқанда: 41 автогрейдер,111 трактор түрлері Т-150, МТЗ және К-701 әр түрлі  ілме бұйымдармен (қисық және тік  күректерімен, қардан тазартатын әр түрлі  бұрыштамаларымен және т.б.), 33 әр түрлі модификациядағы  тиегіштер,                         30 шынжыр табанды бульдозерлер, 79 ауыр жүк көліктері (құмшашқыштар т.б),  сондай-ақ 25 прицепті грейдерлер бар. Бульдозерлер мен Камаздардан басқа  аталған техникалардың барлығына GPS жүйесі орнатылған.

 Қажет болған жағдайда қосымша техникалар тартылатын болады.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында қыс мезгілінде сенім телефоны жұмыс жасайды.

Ол үшін  +7 771 179 63 92 хабарласуға немесе WhatsApp желісіне хабарлама қалдырса болатынын хабарлаймын.  

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойында 45  жылыту пункттері дайындалып жабдықталған оның 12 сі облыстық жолдарда 33 аудандық маңызы бар жолдарда. Бұл жылыту пункттерінде төтенше жағдай кезінде немесе  транзитті көліктерге қажет болғанда пайдаланады. Облыстық автомобиль жолында ұзындығы 300 км қар басу мүмкіндігі туындайтын телімдері анықталды.

Автожолдарды қардан тазалау жұмыстары автокөліктер қарқынды жүретін телімдерде  2-4 сағат аралығында бірінші кезекте атқарылады.  Барлық автожолдарды қардан тазалау жұмыстары  қар түскеннен кейін 24 сағат аралығында орындалады. 

Облыс аудандарында жол техникалары шоғырланатын  жерлерде мердігер ұйымдардың жауапты жұмысшылары мен механизаторларын кезекшілікке тұрғызу ұйымдастырылады.  Қар жауған кезінде автожолдардың қар басатын телімдерінде  көліктердің үздіксіз жүріп өтуін қамтамасыз ету үшін қарды тазартатын техникалармен тұрақты қызмет көрсетіледі.

Автожолдарда апатты жағдайды болдырмаудың алдын – алу үшін, көктайғақ уақытында автожолдар облыстық автомобиль желісінде «Тайғақ жол» және «Жылдамдықты шектеу» және жылыту пунктіне «Көрсеткіш»  уақытша жол белгілері қойылды.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында көктайғақты жою және көлік  құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүрілуін қамтамасыз ету үшін қажетті алдын ала есептемелер:

 

ПГС

Қажеттісі/бары

 

Тұз, тн

Қажеттісі/бары

Құм-тұз қоспасы

Қажеттісі/бары

Дизельдік отын, тн

Бары/қажеттісі

Бензин, тн

Бары/қажеттісі

1

13000/13000

1200/1250

6000/6400

Жанар  май құю шарт бойынша жасалады. Қор жоқ.

 

Жанар  май құю шарт бойынша жасалады. 

Қор жоқ.

 

 

Сонымен қатар, кейбір облыстық маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау үшін жасалаған келісім шарттардың мерзімдері аяқталуда.

Қазіргі уақытта барлық жолдарға конкурс берілуде. Күтіп ұстаушы мердігерлер осы жылдың желтоқсан айында анықталатын болады. 

Конкурс қорытындысымен шарт жасалатын болады.

Сонымен қатар аудан әкімдерінің назарларына ұсыныс. Қазрігі кезде аудандарда асфальт жолдар салынуда. Асфальт жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына КДМ техникасы қолайлы екенін хабарлаймын. Сондықтан осы техниканы мердігер ұйымдардың сатып алуын қамтамасыз ету қажет.