ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУҒА ҚАТЫСТЫ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖЕЛІЛЕР
- Бала тууды ынталандыру. Мемлекет елдегі және әлемдегі динамикалық экономикалық жағдайда бала тууды ынталандыру және ана мен баланы қолдау мақсатында отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Бұл ретте, балалы отбасыларды қолдаудың қолданыстағы жүйесін одан әрі жетілдіру елдің экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта ел халқының саны 20 млн адамға жетті. Халықтың өсуі, ең алдымен, мемлекеттің қазақстандықтар үшін қолайлы жағдайлар жасауымен байланысты.
- Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары мен салық салу кезіндегі жеңілдіктер және азаматтар өмірінің барлық кезеңдеріндегі басқа да әлеуметтік қорғау шаралары жүйесін қамтитын балалары бар отбасыларды қолдаудың кешенді моделі құрылған. Сондай-ақ, балалы болғысы келетін отбасыларға арналған ЭКҰ бағдарламасы жүзеге асырылуда. Елдегі демографиялық жағдайды жақсартудың бір бағыты – бала туу деңгейін, оның ішінде көп балалы отбасыларды материалдық немесе басқа да (жәрдемақылар, төлемдер, бірқатар салықтардан босату және т.б.) ынталандыру;
- Отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесі әртүрлі өмірлік жағдайларды көздейді және жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемді (орташа айлық жалақының шамамен 40%-ы), бала тууға арналған (бірінші, екінші, үшінші баланың тууына – 110 846 теңге, төртінші және одан да көп балаға – 183 771 теңге), бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша, (16 802 теңгеден 25 962 теңгеге дейін), отбасының табысын есепке алмай төленетін мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналар үшін (48 023 теңге) жәрдемақыны қамтиды.
Бұдан басқа, бір жасқа толғанға дейін бала күтімімен айналысатын әйелдерге орташа айлық табыстың 10%-ы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау көзделген.
- Атаулы әлеуметтік көмекті арттыру және көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында 2020 жылы отбасыдағы балалардың санына қарай сараланған мөлшерде табысын есепке алмай тағайындалатын жәрдемақының жаңа түрі енгізілді (4 баласы бар отбасылар үшін 16,03 АЕК – 46 760 теңге, 5 баласы барлар үшін - 20,04 АЕК - 58 457 теңге, 6 баласы барлар үшін - 24,05 теңге АЕК - 70 154 теңге, 7 баласы барлар үшін - 28,06 АЕК – 81 852 теңге, 8 және одан көп баласы барлар үшін – әр балаға 4 АЕК).
Табысы төмен отбасыларға (отбасының әрбір мүшесінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда отбасы үшін жергілікті атқарушы органдар есебінен тұрғын үй және қосымша әлеуметтік көмек көрсету көзделген.
- Көпбалалы аналарға табысына қарамастан "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы көзделген (жәрдемақы мөлшері қазіргі уақытта 17 780 теңгені (6,4 АЕК) құрайды). "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңында халықтың әлеуметтік осал топтарын (оның ішінде көп балалы отбасылар мен көп балалы аналарды) тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі нормалар көзделген. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналардың, көп балалы отбасылардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үй алуға бірінші кезектегі құқығы бар.
"Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар сондай-ақ бірқатар салықтар мен мемлекеттік баждарды төлеуден босатылған:
- көлік құралдарына салынатын салықтан (бір автокөлік құралы бойынша);
- үй қорында орналасқан, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттарды қоса үй жанындағы жер учаскелерiне салынатын салықтан;
- үй маңындағы жер учаскелеріне салынатын салықтан;
- жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан (АЕК мөлшерінің 1000 еселенген шегінде);
- нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік баждан;
- зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баждан.
- "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
Сонымен қатар, әйелдер үшін заңнамада еңбек өтілін есептеу бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтіліне күтім уақыты есептеледі:
- жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегiнен аспайтын уақыт;
- бөгденің көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы мүгедектігі бар жалғызілікті адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;
- мүгедектігі бар 16 жасқа дейінгі баланы бағып-күткен уақыт.
Сондай-ақ, көп балалы аналарға көмек көрсету мақсатында өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір отбасына психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және басқа да қажетті көмек көрсететін, сондай-ақ отбасы институтын дамытуға жан-жақты қолдау көрсететін арнайы орталықтар құрылды.
- Мемлекет басшысы 2021 жылы бастамашылық еткен "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 8 мың әйел жүкті болып, 5 мыңнан астам сәби дүниеге аман-есен келді. Сонымен қатар, баласыз ерлі-зайыптыларға ана мен әке болу бақытын табуға көмектесетін бағдарламаны іске асырудың басынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен ЭКҰ-ға квоталар саны 7 есеге ұлғайтылып, 20 мыңнан астам әйелді ЭКҰ рәсімдерімен қамтыды. Осылайша, мыңдаған бедеу отбасы осы бағдарламаға қатысуға және ата-ана болуға мүмкіндік алады.
- Ана мен баланы қорғау. Мемлекет бала өсуінің барлық кезеңдерінде отбасыларды қолдауды жалғастыруда: халықтың осал топтары үшін түрлі жәрдемақылар көзделген, Отбасының цифрлық картасы енгізілді, "Ұлттық қор – балаларға" бастамасы іске асыруға дайындалуда. Бұл шаралар балалардың әл-ауқатын нығайтуға және аналықты қорғауға бағытталған.
Жалпы, отбасылық саясаттың ұлттық моделі отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, үлкендерге құрмет, жауапкершілік, патриотизмді тәрбиелеуге негізделген. Өз кезегінде мемлекет балалары бар отбасылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қажетті жағдайлар жасайды. Бұл ретте материалдық көмек көрсету, түрлі жеңілдіктер беру, демографиялық ахуалды жақсарту бойынша түрлі институттар құру, сондай-ақ халықты қолдау жөніндегі өзге де бағдарламалар жүргізу арқылы халықтың әртүрлі топтарына жан-жақты қолдау көрсетуді бөліп көрсеткен жөн.
- Отбасының цифрлық картасын енгізудің арқасында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 651 мыңнан астам адам мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсету үшін SMS алды. Бұл ретте өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 249 мыңнан астам адам пайдаланды. Қазіргі уақытта ОКЖ мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді: еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем; асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы; мүгедектігі бойынша жәрдемақы; көп балалы отбасыларға жәрдемақы; "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға жәрдемақы; атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге біржолғы төлем.
- Тұрғын үймен және білім берумен қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі балаларға инвестициялық кірістің 50%-ын төлеу жөніндегі "Ұлттық қор – балаларға" жобасына сәйкес 18 жасқа дейінгі балаларға жинақтау және төлем тетіктерін іске асыру регламенті әзірленді және бекітілді. "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске қосу 2024 жылғы 01 қаңтарға жоспарланған.
- ҚР Әлеуметтік кодексі шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мынадай түрлерінің мөлшері орта есеппен 14,5%-ға өсті:
- мүгедектік бойынша;
- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша;
- арнайы әлеуметтік жәрдемақылар және т.б.;
Осылайша, жоғарыда аталған жәрдемақы түрлерінің 2022 жылмен салыстырғанда 23%-ға ұлғаюы қамтамасыз етілді (ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға өсуді ескере отырып). Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша 37 млрд теңге бөлінді.
Сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақылар көтерілді:
- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамға;
- мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға);
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5%-ға артты.
Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады, олардың мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға арттырылды.
- "Келешек" бірыңғай ортақ білім беру жинақтау жүйесінің бағдарламасы әзірленді, онда сараланған гранттар мен жеңілдікті білім беру кредиттері интеграцияланатын болады.
"Келешек" бағдарламасына сәйкес мемлекет 5 жастағы балаларға 60 АЕК-ке бастапқы капиталды, одан кейін ата-анасынан ай сайынғы жарналарды және инвестициялық табыстан кепілдендірілген сыйлықақыны енгізетін болады. Оқуға жиналған сомадан асқан кезде баланың таңдау мүмкіндігі болады: магистратураға ақы төлеуге ақша қалдыру, жинақтарды бауырына/қарындасына беру немесе өз қажеттіліктеріне жұмсау (көлік, пәтер сатып алу және т.б.). Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде бастаманы іске асыру туралы заң жобасы әзірленіп, Мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді. Сондай-ақ, іске асыру шеңберінде Қаржымині мен ҚР ҒЖБМ жобасының тетіктері әзірленді.
- Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қамтамасыз ету мақсатында 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін оқыту орны бойынша тегін тамақтануды, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді, мектеп киімімен және керек-жарақтарымен қамтамасыз етуді, мектеп жасына дейінгі балалар үшін - азық-түлік жиынтықтарымен және гигиеналық керек-жарақтармен қамтамасыз етуді көздейтін кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілді.
- Мектепке дейінгі білім беру қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 2022 жылы 39 мың жаңа орынға арналған 458 балабақша іске қосылды. Сондай-ақ, жекеменшік балабақшалардың 93%-ы оқытуға мемлекеттік тапсырыс алды. Нәтижесінде 2-6 жастағы балаларды қамту 89,4%-ға, ал 3-6 жастағы балаларды қамту 99,4%-ға өсті.
- Сыйымдылығы шағын үйлерді ашу, сондай-ақ мүгедек балаларға арналған курорттық-санаторлық емдеу бойынша пилоттық жобаларды іске асыру басталды. Мұндай үйлерді құру әлеуметтік кодексте белгіленген әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау шеңберінде көзделген. Осылайша, жан басына қаржыландыру арқылы жеке секторды тарту арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік орталықтары монополиясыздандырылады. Ашылу мүгедектігі бар адамдар тұратын жерлерде, оның ішінде ауылдық жерлерде өткізіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі қолжетімді: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық.
- Балаларды тексеру және оларға кеңес беру, ерекше білім беру қажеттіліктері мен білім алудың ерекше шарттарын бағалау, білім беру бағдарламасын анықтау, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК) ұйымдарының ашылуы жүргізілді. 2023 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша 460-тан астам арнайы білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Бұл 44 арнайы балабақша, 99 арнайы мектеп, 92 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, 208 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК), 14 оңалту орталығы, 10 autism-орталық. Сондай-ақ мектептерде 640-тан астам инклюзияны қолдау кабинеті және 1600-ден астам логопедиялық пункт жұмыс істейді.
- Балалардың спорт секциялары мен үйірмелерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың қорытындысы бойынша еліміз бойынша 2 млн-нан астам баланы қамтитын мектептер мен қосымша білім беру ұйымдары жанынан 158,1 мыңнан астам спорт секциялары жұмыс істейді, оның ішінде ауылдық жерлерде 76,3 мың секция, оның ішінде жалпы білім беретін мектептер жанынан.
- Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтарын қамтамасыз ету шеңберінде балалар арасында туындайтын проблемаларды жүйелі шешу мақсатында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспар бекітілді.
- Оқушылар арасында үлгерімді ынталандыру мақсатында "Halyk" банкі мен "Sulpak" ЖШС "Күнделік (Kundelik)" жүйесінде жоғары бағалары үшін оқушыларды материалдық ынталандыру бағдарламасын іске қосты.
- Сондай-ақ, мемлекет кәмелетке толмаған адамдарды жұмысқа орналастыру рәсімін реттеу бойынша шаралар жүргізді. Кәмелетке толмаған қызметкерлермен жасалатын еңбек шартында жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы көзделеді. Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 24 сағаттан аспайды, ал он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 36 сағаттан аспайды, бұл ретте он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді жұмыс уақытының жиынтық есебін (үстеме жұмыс уақытын) пайдалана отырып жұмысқа тартуға жол берілмейді. "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Заңның 16-бабына сәйкес әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар.
- Ел Президенті жанында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, өңірлерде – тиісті консультативтік-кеңесші органдар қызметін жүзеге асырады. Бұл белгілі қоғам қайраткерлерінен тұратын және саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысатын консультативтік-кеңесші орган. Комиссия өз қызметінде экономика саласында әйелдер мен ерлердің тең мүмкіндіктеріне қол жеткізуге, халықтың денсаулығын, оның ішінде ұрпақты болу денсаулығын сақтау және нығайту, өмір сүру сапасын жақсарту, отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты жою және ерлер, әйелдер және балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресудегі халықаралық тәжірибені енгізуге жәрдемдеседі.