Батыс Қазақстан облысының тұрақты ауданаралық автобус маршруттарына қызмет көрсететін тасымалдаушылардың қатысуымен кеңес өтті

Батыс Қазақстан облысының тұрақты ауданаралық автобус маршруттарына қызмет көрсететін тасымалдаушылардың қатысуымен кеңес өтті

2023 жылғы 8 қарашада Басқарма басшысының орынбасары Қ.А. Менеевтің төрағалығымен Батыс Қазақстан облысының тұрақты ауданаралық автобус маршруттарына қызмет көрсететін тасымалдаушылардың қатысуымен кеңес өтті.

Кеңесте тасымалдау қауіпсіздігі және жолаушыларға қызмет көрсету сапасы бойынша өзекті мәселелер талқыланды.Кеңестің хаттамасына сәйкес мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлесіп қыс мезгілінде автобустар қозғалысының бұзылуына, автобустар үшін отын тапшылығына жол бермеу және Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде заңсыз таксилерді азайту жөнінде тиісті шаралар қабылданатын болады.Сондай-ақ ауданаралық автобус маршруттарында электрондық билеттендіруді енгізу мәселесін пысықтау жалғастырылады.