2022 жылғы 26 тамызда «Уральскагрореммаш» АҚ зауытының базасында «Уральскагрореммаш» АҚ басшылығының, «БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысының орынбасары мен ауданаралық бағыттарда жолаушыларды және багажды автобустармен тасымалдау бойынша қызмет көрсететін тасымалдаушы-кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
«Уральскагрореммаш» АҚ қатысушыларды өндіріспен, жекелеген агрегаттарды шығару технологиясымен және құрылыс, ауыл шаруашылығы және арнайы техниканы құрастыру процесімен таныстырды.
Бұдан әрі Iveco Daily шассиі мен қозғалтқышы негізіндегі Foxbus автобусының таныстырылымы көрсетілді, оны тасымалдаушы кәсіпорындар ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру аясында «Уральскагрореммаш» АҚ отандық өндірушісінен сатып ала алады.
Дөңгелек үстел барысында тасымалдаушы кәсіпорындардың өкілдеріне foxbus автобустарын немесе тасымалдаушының тапсырысы бойынша ұқсас автобустарды лизингке алу шарттары түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тасымалдаушылар өкілдері «Уральскагрореммаш» АҚ-мен автобус сатып алу бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум жасасуға ниет білдірді.