Орал қаласының және аудандардың ТКШ бөлімдерінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне оқыту семинары өткізілді

Орал қаласының және аудандардың ТКШ бөлімдерінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне оқыту семинары өткізілді

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде жол активтері сапасының ұлттық орталығы және БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп Орал қаласының және аудандардың ТКШ бөлімдерінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді.

Семинарда келесі өзекті тақырыптар қозғалды:
- Автожол жобаларындағы сапаны бақылау
- Автомобиль жолдарын диагностикалау және паспорттау
- Автомобиль жолдары қауіпсіздігінің мониторингі
- Ведомстволық сараптама, порталмен жұмыс
- Техникалық қадағалаудың функциялары мен міндеттері
- Автожол саласындағы нормативтік құжаттар

Ұйымдастырушылар ЖАО мамандарын осындай оқыту мен біліктілігін арттыру сапалы жолдарға әкелуі тиіс екеніне сенімді.