Құрылысшылар күні!

Құрылысшылар күні!

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері, әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен құттықтаймын. Сіздердің мамандықтарыңыз қоғам өміріндегі ең құрметті және аса сұранысқа ие мамандық. Сіздер өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер салып, еліміздің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға зор үлестеріңізді қосып келесіздер. Тұрмыс сапасын арттыруға және барлық қазақстандықтың жарқын болашағын қамтамасыз ету жолындағы қажырлы еңбектеріңіз елене берсін, Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

Құрметпен, Басқарма басшысы Б. Айтмагамбетов