Қалдығайты-Орал бағыты ашылды

Қалдығайты-Орал бағыты ашылды

Кеше, 14 шілде күні Сулыкөл ауылында Қалдығайты-Орал бағыты бойынша жолаушылар қоғамдық көлігінің шығуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

           Іс-шара барысында Сулыкөл ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Тоймырза Нұрбергенов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Нұржан Сахипов, Сулыкөл ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрағасы Наббат Акымгалиева ауыл тұрғындары алдында құттықтау сөз сөйлеп, жеке кәсіпкер Мурадым Кабдыгалиеваға алғыс білдірді . «Мерседес» көлігін басқарған жеке кәсіпкер Мурадым алғашқы сапарында жолаушыларды қалаға тегін  тасымалдауға шешім қабылдады. Автокөлік орындықтары жолаушылармен толық жабдықталды. Жол жүру құны ересектер үшін 1500 теңге,  5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру құны 750 теңгені құрайды.