Хабарландыру!!!

Хабарландыру!!!

Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы құзыреті аясында облыс деңгейіндегі маңызы бар: «Федоровка-Ақсай, 0-82 км», «Ақсай-Шынғырлау, 0-86 км», «Ақсай-Приуральный, 0-35 км», «Бөрлі-Ақсай-Жымпиты, 0-159 км», «Жымпиты-Қаратөбе, 0-103 км», «Барбастау-Ақжайық-Индербор,0-307 км», «Тасқала-Аққурай -Болашақ- РФ шек., 0-157 км», «Үлкен Шаған-Переметное, 0-42 км», «Орал-Кирсанов, 1-83 км», «М 32-Аңқаты-Сарыөмір, 0-64 км», «РФ шек-Жалпақтал-Жұлдыз-Қарасу, 6-170 км»автомобиль жолдарында жұмыстар кешенін жүзеге асырушы мердігер ұйымдармен арадағы шарттардың қызмет ету уақытының аяқталуына орай, бүгінгі таңда аталған мәселеге қатысты мемлекеттік сатып алу жөніндегі қатынастарды реттейтін қолданыстағы заңнама талаптарының негізінде рәсімдер әлі күнге өткізіліп жатыруына байланысты, аталған жолдарда күтіп ұстау жұмыстарын (шұңқырларды жөндеу, пішіндеу, шөп шабу және т.б.) әзірге жүргізу мүмкін болмай отырғандығын хабарлайды. Аталған рәсімдер оң нәтижесін берген күннен кейін ғана тиісті мердігер ұйымдармен арада шарттар жасалынып, соның негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызға ие автомобиль жолдарды күтiп ұстауға байланысты айрықша жұмыстар кешенін жүзеге асыруға мүмкіндік болады. Осыған байланысты автокөлік жүргізушілерінен қалыптасқан жағдайды түсініп, жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз.