257 "Орда- Орал- Орда" автобус маршруты

257 "Орда- Орал- Орда" автобус маршруты

2021 жылғы 7 маусымда Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылында 257 "Орда- Орал- Орда" автобус маршруты салтанатты түрде ашылды. Шараға аудан әкімнің орынбасары Б,Н, Менешов, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Т.С. Шиниязов, еңбек ардагерлері, тасымалдаушы өкілі қатысып, ауыл тұрғындарын облыс орталығымен қатыстыратын маршруттың ашылуымен құттықтап, жолаушыларға сәтті сапар тіледі. Тасымалдаушы - "Қазақстан Елім" ЖШС. Жолақы құны аталған маршрутта -2000 теңге. Оралдан жұп күндері, Ордадан тақ күндері жөнеледі. Орал қаласына келген алғашқы жолаушыларға тасымалдаушы атынан шағын сыйлықтар берілді.