Хабарландыру

Хабарландыру

Ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап № 192 «Тасқала-Орал-Тасқала» жаңа автобус маршруты ашылды. Күніне 2 рейс қатынайды. Түстен кейін сағат 15.00-де Орал қаласынан қозғалады. Жолақы құны-500 теңге.Тасымалдаушы-«Жиенбай» ЖШС.

         Сонымен қатар «Покатиловка-Орал-Покатиловка» маршруты өз жұмысын бастады. Күніне  2 рейс жүреді. Тасымалдаушы-«Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС.

          2021 жылғы 7 маусымда Орда ауылынан №  257 «Орда-Орал-Орда» автобус маршруты ашылады және сапарға аттанады. 8 маусымнан бастап № 256 «Сайқын-Орал-Сайқын» автобус маршруты Сайқын ауылынан жолға шығады. Күніне 1 рейс, келесі күндері Орал қаласынан жөнеледі. Жолақы құны «Орда-Орал-Орда» маршрутында  2000 теңге, «Сайқын-Орал-Сайқын» маршрутында 2200 теңге.Тасымалдаушы-«Қазақстан Елім» ЖШС.

         2021 жылғы 10 маусымнан бастап № 226 «Жымпиты-Орал-Жымпиты» автобус маршруты Жымпиты ауылынан сапарға шығады. Күніне 2 рейс.  Жолақы құны-500 теңге. Тасымалдаушы-«Қазақстан Елім» ЖШС.