Батыс Қазақстан облысының жол бойындағы сервис объектілерін құру бойынша

Батыс Қазақстан облысының жол бойындағы сервис объектілерін құру бойынша

Облыс аумағында Республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 22 демалыс алаңы бар (2-сурет, картада 22 демалыс алаңының орналасу схемасы).
Сондай-ақ кәсіпкерлер үшін жол бойындағы сервис объектілерін құру үшін іс-қимыл алгоритмі бойынша брошюра әзірленді, онда жол бойындағы сервистің аса сұранысқа ие 8 объектісінің орналасу орындары көрсетілді. Қызметтер жиынтығына байланысты объектілер төрт санатқа бөлінеді. А немесе В санатындағы үш нысанның құрылысы жоспарлануда, онда АЖС, қонақ үй, ТҚС, Автожуу, күзетілетін тұрақ, медпункт, кафе, дүкендер, пикник орны және сауда-ойын-сауық аймағы қарастырылған. Қалған бес нысан С немесе Д санаты болады, бұл ЖМҚС, тұрақ, кафе, дүкендер мен пикник орындарының болуын көздейді.
Кез келген кәсіпкер аймақ аумағында жол бойындағы сервисті дамытуға қатыса алады. Ол үшін "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына жүгіну қажет, әрі қарай кәсіпкер дамытуды жоспарлап отырған жол бойындағы сервис объектісінің санатын таңдау қажет. Содан кейін ХҚКО-да осы жер учаскесін пайдалануға беру туралы өтініш беру керек.