Жаңа 2021 жылды мерекелеу қарсаңында

Жаңа 2021 жылды мерекелеу қарсаңында

Бүгін Батыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шакимов Тимуржан Адиетович жетекшілік ететін 4 басқарманың қызметкерлерін келе жатқан 2021 жылмен құттықтады. Құттықтау барысында әрбір қызметкердің облысты, оның ішінде жол-көлік инфрақұрылымы саласын дамытуға қосқан үлесі атап өтілді.

Жол инфрақұрылымы саласында 2020 жылы облыс бойынша 436 км автомобиль жолдары жөнделді. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесі 34% құрады.

Бұдан кейін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айтмағамбетов Бауыржан Ескайырұлы ұжымды келе жатқан мерекемен жеке құттықтады. Сондай-ақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша номинациялар берілді.

Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа 2021 жылмен құттықтайды!