
Басқармада жолаушылар көлігі саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер.
«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Батыс Қазақстан облысының көлік жүйесінің жағдайын жақсарту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру болып табылады.
Көлік саласындағы негізгі функциялары:
1) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;
2) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн әзірлеу;
3) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн келісу;
4) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
5) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
6) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу.
Сонымен қатар Басқарма жолаушылар көлігі саласы бойынша 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олар:
1-қызмет. Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар тотамасын тапсырған жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген алымдар мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке лицензиялық алым төленеді және төмендегі мөлшерді құрайды: 1) лицензияны беруге - алымды төлеу күні қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;2) лицензияны қайта ресімдеуге - лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10%;
3) лицензияның телнұсқасын беруге - лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 100%.Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда немесе ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.
Лицензия беру бойынша басқарма жеке және заңды тұлғаларға 2016 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді, осы уақыт аралығында 25 лицензия берілді.
Жазғы маусымның басталуына байланысты автобустармен, шағын автобустармен шығатын бір реттік топтық сапарлар көбейеді. Мысалы: автобустарды жалдау арқылы туристік орындарға саяхат, топпен санаторийлерге бару немесе балаларды лагерьлерге, тарихи орындарға қыдырту т.б. Осындай кезде адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рұқсат құжаттары дұрыс, жолаушыларды автобустармен тасымалдауға лицензиясы бар тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға көңіл бөлу қажет. Жолға шықпас бұрын алдын ала көліктердің лицензиясы бар-жоғын тексеріп алуға кеңес береміз.
2-қызмет. Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру. Бұл қызмет бойынша басқарма «Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығын басшылыққа алады. Аталған Қағиданың 38-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдар кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта басқармамен «УКК «Политехник» ЖШС, «Cargo Consulting» ЖШС, БҚО төтенше жағдайлар департаментінің кеме жүргізушілерін даярлау курстарының бағдарламалары келісілген. Куәлік алу үшін оқу курстарын бітірген жеке тұлғалар курсты бітіргені туралы анықтама, медициналық тексеріс анықтамасы (073-у), 2,5 х 3,5 мөлшердегі 2 дана фотосымен Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш жазу арқылы тесттен өтеді, тесттен өтсе, құжаттар басқармаға түседі. Қызмет көрсету уақыты -2 күн.
2025 жылы 51 жеке тұлғаға шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер берілді.
3-қызмет. Ауданаралық (қалааралық облысішілік), әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау.
Тасымалдауды субсидилау «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Аталған қызметті Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурстық комиссия шешімімен жеңімпаз болып танылған, басқармамен субсидиялау шарты жасалған тасымалдаушылар алады, яғни жеке және заңды тұлғалар алады. Ағымдағы жылы 19 тасымалдаушы (6 ЖШС, 13 ЖК) 26 ауданаралық маршрутта қызмет көрсетеді.
Соңғы жылдары облыстық бюджеттен бөлінетін субсидия көлемі артып келеді, сонымен қатар субсидияланатын маршруттар саны да өсуде. 2025 жылы ауданаралық 20 маршрут субсидияланса, жылдың аяғына дейін тағы да 6 маршрутқа көбейді. Жаңадан Бәйтерек ауданы бойынша Озерное, Переметный, Раздольное, Январцево, Бөрлі ауданы бойынша Ақсай, Жарсуат маршруттары субсидиялана бастады.
Қазіргі уақытта бюджеттен 527,5 млн. теңге бөлініп, 18 тасымалдаушы 25 маршрут бойынша субсидия алып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 2025 жылы 244 қызмет көрсетілді, 614,5 млн. теңге игерілді, 332 218 жолаушы тасымалданды.
Жалпы аудан орталықтарына қатынайтын әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялау тұрғындардың аз қамтылған бөлігі үшін (студенттер, зейнеткерлер және т.б.) қолжетімділікті қамтамасыз етіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етті.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы басқармаға Х. Чурин көш, 116, 218-кабинет мекенжайы бойынша немесе 519263 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Назарларыңызға рахмет!