ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ

ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ

 Автобус маршруттары.

Бүгінгітаңдаоблыста4халықаралықмаршрут бар (Самара,  Орынбор, Тольятти, Саратов).

2 облысаралық маршрут жұмыс істейді (Атырауға, Ақтауға), 27ауданаралық маршрутқа 19 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Барлық 12 аудан орталықтары автобус маршруттарымен қамтылған.

Соңғы жылдары облыстық бюджеттен бөлінетін субсидия көлемі артып келеді, сонымен қатар субсидияланатын маршруттар саны да өсуде. 2025 жылға 625,0 млн. теңге бөлінді (2024 ж – 436,0 млн.теңге). Бүгінгі күнге 15 тасымалдаушы 20 маршрут бойынша субсидия алып отыр. 2025 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша 383,5 млн. теңге игерілді, 207491 жолаушы тасымалданды.

Жалпы аудан орталықтарына қатынайтын әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялау тұрғындардың аз қамтылған бөлігі үшін (студенттер, зейнеткерлер және т.б.) қолжетімділікті қамтамасыз етіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етті.

Субсидия және облыс әкімдігінің қолдауы арқасында ауданаралық маршруттарда қызмет көрсететін тасымалдаушылардың автопарктері жаңартылып келеді. 2023-2025 жылдары19жаңа автобус сатып алынды.

Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға өз әсерін тигізді.

 

Теміржол маршруттары.

Біздің облыс арқылы келесі теміржол маршруттар өтеді:

«Алматы-Саратов» халықаралық пойызы;

- «Орал-Астана»,«Орал-Алматы»,«Орал-Маңғыстау» облысаралық пойыздары,

- «Орал–Семиглавый Мар» және  «Орал – Шынғырлау» ауданаралықпойыздары.

«Орал- Семиглавый Мар»және «Орал – Шынғырлау» әлеуметтікмаңызы бар маршруттарынсубсидиялаубағдарламасыіскеасырылуда. 2025жылға 250,4 млн. теңге субсидия бөлінген (2024 ж – 236,0млн .тг). Ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша 169,2млн. теңге игерілді, 45199 адам тасымалданды.

 

Әуе маршруттары.

Бүгінгі күнге Орал қаласының халықаралық әуежайы арқылы 9 бағыт бойынша жолаушылар рейстері жүзеге асырылады, оның ішінде 6 ішкі республикалық (Астана, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Ақтау, Атырау) және 3 халықаралық (Франкфурт, Шарм-эль-Шейх, Анталья).

Қазіргі уақытта «Орал Аэропорт Холдинг» ЖШС 100% қатысу үлесі бар «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС құрылтайшысы болып табылатыны белгілі. «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС сатып алу туралы шешім ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 11 қарашадағы №892 қаулысымен мақұлданды.

Әуежай инфрақұрылымының физикалық және техникалық тозуына байланысты рулеждік жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта әуе кемелерінің тұрақ орындарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі – 2025 жылдың қазан айы.