28-ШІҚАЗАҚСТАНДЫҚХАЛЫҚАРАЛЫҚ «КӨЛІКЖӘНЕЛОГИСТИКА» КӨРМЕСІ – TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2025 30 ҚЫРКҮЙЕКПЕН 2 ҚАЗАНАРАЛЫҒЫНДААЛМАТЫДАӨТЕДІ
TransLogistica Kazakhstan – ОрталықАзиядағыкөлік-логистикалыққызметтерментехнологиялардыңеңірікөрмесі. Олжылсайынкөлікжәнеқоймалогистикасынаарналғанбарлықшешімдердіұсынады.
2025 жылғы 30 қыркүйекпен 2 қазанаралығындаАлматықаласында, КЦДС «Атакент»аумағындаөтетінTransLogistica Kazakhstan 2025көрмесіндееліміздіңкөлік-логистикасаласыныңдамуы, көлікинфрақұрылымынжетілдіру, цифрландырудыенгізужәнехалықаралықынтымақтастықмәселелеріталқыланады.
Қазіргіуақыттакөрмеге18 елден 200-ден астам компанияқатысуынрастады. Бұлелдерқатарында: Австрия, Әзербайжан, Беларусь, Германия, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, БАӘ, Пәкістан, Ресей, Румыния, Түркия, Өзбекстан, Швейцария және Эстония бар. Экспоненттер саны бойыншадәстүрлікөшбасшы – Қазақстан. ОданкейінгіорындардаҚытай, РесейжәнеТүркиякомпанияларытұр. БиылалғашретҮндістан мен Пәкістаннанкомпанияларқосылыпотыр, бұлшарағахалықаралыққызығушылықтыңартыпкележатқанынкөрсетеді.
Экспоненттер жүк тасымалы мен экспедирлеудің барлық түрлері бойынша (құрлық, әуе, теңіз көлігімен) қызметтерін, жүк сақтау бойынша шешімдерді, сондай-ақ жеткізу тізбегін басқару процестерін автоматтандыруға арналған бағдарламалық жасақтама әзірлеушілердің IT-шешімдерін және басқа да ұсыныстарды ұсынады.
Көрме күндері аясында халықаралық конференциялар, дөңгелек үстелдер және форумдар өтеді. Олардың ішінде:VIII Халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форум «New Silk Way», IV Конференция «Қазақстандағы қойма логистикасы нарығы», II Конференция «Көлемді және ауыр жүктерді тасымалдау BreakBulk Kazakhstan», Expert Talks: «Қазақстан көлік аптасының қорытындылары»
Көрменің мақсаты – көлік логистикасы саласындағы практикалық тәжірибені жинақтау, экспоненттер мен келушілерге барлық көлік түрлері бойынша тасымалдау, қоймалау, кедендік қызмет көрсету, логистика және көліктегі ақпараттық технологиялар мәселелерінде тікелей қарым-қатынас орнату мүмкіндігін беру.
Ұйымдастырушылар – Iteca және Атакент-Экспо компаниялары көрмеге өнеркәсіптік, өндірістік, логистикалық және сауда кәсіпорындарының көлік бөлімшелерінің басшылары мен мамандарын қатысуға және іскерлік бағдарламаға белсенді қосылуға шақырады.
Ресми қолдау көрсетушілер: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, Қазақстан көлікшілер одағы KAZLOGISTICS, Қазақстан вагон тасымалдаушылары мен операторлары қауымдастығы, Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы.
Көрмеге келу үшін тегін именной билет алыңыз – онлайн-тіркеуден өтіп, сілтеме бойынша өтіңіз:http://expo.kz/TLK25VISIT
Тегін тіркеу үшін промокод: TLK25VISIT. Бір промокод арқылы шектеусіз келушілерді тіркеуге болады.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
E-mail svetlana.lucenko@iteca.events / 📎Көрме сайты: https://translogistica.kz