"ТОБИ" ЖШС-нің үндеуі

"ТОБИ" ЖШС-нің үндеуі

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Бұл құжат – ел дамуының жаңа бағытын айқындайтын, тыңсерпін беретін маңызды тарихи сәт болды.  Біз, жол құрылысы мен инфрақұрылым саласында қызмет көрсететін "ТОБИ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,  бұл Жолдауда айтылған мәселелерді зор жауапкершілікпен қабылдаймыз.  Жол сапасы мен қауіпсіздігі – басты назарда  Президент Жолдауда жол қауіпсіздігі мәселесін жеке атап өтті. Бұл жай ғана инфрақұрылым емес, бұл – азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей әсерететін фактор. Қазақстанда жол апаттарының алдын алу, сапалы жолдар салу, көлік логистикасын дамыту – ұлттық деңгейдегі міндетке айналды.

Біз бұл салада қызмет атқарып жүрген ұйым ретінде, әрбір жол жобасына үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Алдағы уақытта еліміздегі автомобиль жолдары:   заманауи стандарттарға сай,  ұзақ мерзімге жарамды,  қауіпсіз және қолжетімді болуы тиіс.

Жолдау – болашақтың бағдары Президентіміз елдің саяси құрылымына өзгерістер енгізу қажеттілігін нақты айтты. Ең маңызды шешімдердің бірі – бір палаталы Парламентке өту бастамасы.

Бұл қадам-биліктің халық алдындағы жауапкершілігін күшейтеді. Бір палаталы жүйе – халық пен билік арасындағы байланысты күшейтіп, барлық бастама мен өзгерістердің шынайы, әділ әрі тиімді болуына негіз болады.

Бұл өзгерістер – тек саяси трансформация емес, бұл – мемлекеттік басқарудың жаңа деңгейге көтерілуі "ТОБИ" ЖШС-нің ұжымы бұл бастамаларды толық қолдайды және еліміздің тұрақтылығы мен дамуына сенеді. Президент атап өткендей, алда елімізді жаңа сын-қатерлер мен үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр. Сол жолда әр азамат өзісіне адал болса, мемлекет те өркендейді.Бүгінгі Жолдау – ел болашағына салынған берік көпір. Бұл көпірден біз тек алға, жарқын болашаққа қарайөтуіміз керек.