Орал-Қарағанды жаңа авиарейсінің ашылуы

Орал-Қарағанды жаңа авиарейсінің ашылуы

«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ2025 жылғы 23 қыркүйектен бастап «Орал-Қарағанды» бағыты бойынша жаңа авиарейстің ашылатыны жөнінде хабарлайды. Билет құны 25000 теңге. Рейстер «Scat Airlines»әуе компаниясының 50 орындық«Bombardier CRJ-200»ұшағымен аптаның сейсенбі және жұма күндері орындалатын болады.

Орал-Қарағанды жаңа авиарейсінің ашылуы Батыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін стратегиялық маңызға ие. Бүгінгі таңда өңірдегі негізгі әуе бағыты олОрал қаласынан Астанаға, бірақ юұл бағыттағы билеттер көбіне кем дегенде 35-90 мың теңгеден тұрады және тез сатылып, қажетті сұранысты қамтамасыз етпей жатады. Қарағандыға жаңа рейс бас қалаға жоспарланған сапарларға ыңғайлы балама болмақ, өйткені Қарағанды мен елорда арасындағы қашықтық небәрі 200 км құрайды. Пойызбен (3-4 сағ., билет 1 400 теңгеден басталады) немесе автобуспен (2 500-4 000 теңге) жетуге болады.

Жаңа рейс өңір тұрғындарының мобильділігін арттыруға, Астананы Қарағанды арқылы қолжетімді етуге, мәдени және туыстық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ іскерлік белсенділікті жандандырады. Сонымен қатар, маршруттың пайда болуы Орал-Астана бағытына жүктемені азайтады және халықты неғұрлым қолжетімді және икемді таңдаумен қамтамасыз етеді.

Сондай–ақ, Орал қаласынан Қарағандыға тікелей ұшу жолды 1,5-2 сағатқа дейін қысқартады, ал пойыз немесе автобус 24-36 сағатты алады. Бұл әсіресе іссапарлар, Төтенше жағдайлар және медициналық қажеттіліктер үшін өте маңызды. Қарағанды облысы-Қазақстанның ең ірі медициналық орталықтарының бірі: мұнда жыл сайын ондаған мың пациентке, оның ішінде көрші өңірлерден де қызмет көрсетіледі. Студенттер үшін Қарағанды университеттеріне кіру оңай әрі жылдам болады.

Статистика деректері бойынша, Қарағанды облысы арқылы еліміздің негізгі көлік дәліздері өтеді, ал "Сарыарқа" жергілікті әуежайы жыл сайын 300 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Жаңа рейс жолаушылар ағынын күшейтіп қана қоймай, Орал – Астана тапшы бағытына жүктемені азайтады.

Осылайша, Орал – Қарағанды бағытын іске қосу-бұл жай ғана ыңғайлылық емес, халықтың қаражатын үнемдеуге, бизнесті дамытуға және өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін өңірлерді интеграциялау құралы.