Облыстық маңызы бар "Барбастау – Акжайык – Индер" автомобиль жолы,жалпы ұзындығы 307 км

Облыстық маңызы бар "Барбастау – Акжайык – Индер" автомобиль жолы,жалпы ұзындығы 307 км

0-93 км автомобиль жолының учаскесінде 2024 жылғы 24қыркүйектегі №44 шартқа сәйкес осы учаскені күтіп ұстау және ағымдағы жөндеумен айналасатын мердігер ұйым "Орал Жолдары" АҚ болып табылады.

Жоғарыда аталған мекеме шұңқырларды бітеу жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, осы учаскеде 2024 жылы «Барбастау-Ақжайық-Индер                  93-145 км  автомобиль жолын күрделі жөндеу» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар басталды. Жөнделетін учаскенің жалпы ұзындығы 52 км  құрайды, Бас мердігер "UNISERV" ЖШС, техникалық қадағалаушы "ИК ДОБРО"ЖШС.

Осы  автомобиль жолында су өткізгіш құбырлар орнату жұмыстары жүргізілуде. «Ащы» өзенінен өтетін көпір құрылысының жұмыстары дайындалуда.  Көпірдің сол жағынан құрылыс алаңының жағадан жағаға дейінгі топырақ үйіндісін төгу жұмыстары жасалды, айналма жол дайындалды,жолдың жер төсемі дайындалды, қиыршық тас төселді. Асфальт төсемінің астынғы қабаты салынып бастады.