Батыс Қазақстан облысының автомобиль жолдары бойынша

Облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6176 км, оның ішінде Республикалық маңызы бар – 1421 км, жергілікті маңызы бар – 4762 км.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Республикалық маңызы бар автожолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі – 73%, жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі – 52% құрады.

2024 жылы облыста барлық жолдардажалпыбарлық жолдарда сомасы 116,0 млрд.теңгеге576 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланған.

Республикалық желілер.

Облыста автожол саласын дамыту шеңберінде 2019 жылдан бастап жалпы ұзындығы 317 км болатын 8 жоба (күрделі жөндеу және реконструкциялау) іске асырылуда.

  1. Казталов, Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарының аудан орталықтарын облыс орталығымен байланыстыратын автомобиль жолдарын күрделі жөндеу.

Күрделі жөндеумен 245 км жол (6 жоба)қамтылды:

-«Қазталов – Жәнібек- РФ шек.» автожолы бойынша  км 0-138, 158-165 (4 жоба)142 км.;

- «Унеге – Бисен-Сайхин» 0-103 км автожолы бойынша (2 жоба)103 км.

Жобалардың жалпы құны 80,1 млрд. теңгені құрайды. Жобаларды іске асыру басталғаннан бері (2019-2022 жж.)124,6 кмжолға асфальтбетон жабыны төселді.

2023 жылы автожолдың қалған 120,4 шақырымына 31 млрд. теңге бөлініп, 2023 жылы 97,8 кмжолғаасфальтбетон жабыны төселді.

Жобаны іске асырудың барлық кезеңінде (2019-2023 жж.)шамамен 222 км асфальтбетон жабыны төселді.

2024 жылы автожолдың қалған 22,6 шақырымына 17,5 млрд. теңге бөлініп,облыс орталығымен байланыстыратын автомобиль жолдарын пайдалануга беруге жоспарланған. Қазіргі таңда 5,6 км төменгі қабат төселді.

  1. «Подстепное-Федоровка-РФ шек.» автомобиль жолын қайта жаңғырту 0-36 км және 108-144 км(1 және 4 этап).

Қайта жаңғыртумен 72 км (2 жоба) қамтылды. Жобалардың жалпы құны 38,5 млрд. теңге. 2023 жылы 8 млрд. теңге сомасына 34,6 км жолды асфальтбетонмен жабыны төсеу жоспарланды.2023 жылы 39,6 км асфальтбетонмен жабыны төселді.

2024 жылы автожолдың қалған 24,7 шақырымына 15,6 млрд. теңге бөлініп,жобаларды  пайдалануга беруге жоспарланған. Қазіргі таңда 1,9 км төменгі қабат төселді.

1) Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар бойынша соңғы нақтылауды есепке алғанда:

2024 жылға 34,3 млрд. теңге қарастырылды, оған 304,7 км асфальтбетон жабының төсеу жоспарда. Қазіргі таңда 13,2 км төменгі қабат төселді.

2) Елді мекендердің көше желілері бойынша:

«Ауыл – ел бесігі» және Моноқалаларды дамыту бағдарламалары бойынша 27 елді-мекеннің ауылішілік жолдарын асфальтбетонды жабынмен қамтамасыз ету күтілуде, бұл мақсатта 34 жоба іске асырылуда. 2024 жылға бөлінген 8,7 млрд. теңгеге 90,8 км асфальтбетон жабынын төсеу жоспарлануда.Қазіргі таңда 5,8 км төменгі қабат төселді.

3) Орал қаласы бойынша:

2024 жылға жоспараланған 10,6 млрд.тг қаржының, бугінгі күні бөленгені 4,0 млрд. теңге, жалпы жоспарланған қаржыға 97,4 км асфальтбетон жабының төсеу жоспарда. Қазіргі таңда 22 км асфальт төселді.

 

Дата публикации
12 июня 2024