Меню

Акимат Казталовского района

Район образован в 1928 году. Население района на 1 январь 2019 года составило 29071 человек. Общая территория района составляет 1860581 га. Казталовский район расположен на юго-западе Западно-Казахстанской области. Территория района граничит  на  юге с Бокейординским, на юго-западе Жанибекским, на западе и северо-западе с Александрово-Гайским районом Саратовской области, на севере с Таскалинским, на северо-востоке с Акжаикским, на востоке с Жангалинским районами.
В состав района входит 16 административно-территориальных единиц: Казталовский, Караобинский, Теренкульский, Брикский, Бостандыкский, Кушанкульский, Кайындинский, Болашакский, Жалпакталский, Караузеньский, Акпатерский, Карасуский, Талдыапанский, Талдыкудукский, Жанажолский, Куктерекский сельские округа. Центр района – поселок Казталовка. Расстояние от районного центра до г. Уральска - 330 км.

Адрес 0907000, ЗКО, Казталовский район, п.Казталовка, ул. Шарафутдинова, 1
Канцелярия +7(71144)31-3-72
Пресс-секретарь +7(71144)31-1-69
Email akimkaztalov@bko.gov.kz
E-mail пресс службы orgotdel.kaztalov@bk.ru

 

1
Страницы
Пресс-центр
Контакты
Аппарат акима
Деятельность
Документы
gov@nitec.kz

Программа «С дипломом в село»

Программа «С дипломом в село»

ДИПЛОММЕН ауылға кімдер барады?

Қолына дипломын алған жас маманның кез келген еңбек жолын қаладан бастағысы келеді. Бірақ, бәріне бірдей жұмыс табыла бермесі анық. Содан әйтеуір күн көрудің амалы үшін екі қолға бір күрек табуға тырысады. Нәтижесінде диплом сандықтың түбінде шаң басып қалуда. Осы жағдайға байланысты Ауыл шаруашылығы министрінің қолдауымен «Дипломмен ауылға» жобасы қолға алынды. Бағдарлама бойынша денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға бір реттік көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие беріледі. Бағдарламаның мақсаты – жұмыссыз жүрген мамандарды елді мекендерге жұмысқа орналастырып, ауылдың жағдайын көтеру болатын. «Дипломмен ауылға» бойынша көрсетілетін қолдау туралы мәліметпен жұртшылық таныс. Бірақ, ол ақпар шындыққа сәйкес келе ме? Жалпы жобаның орындалу барысы қандай? Жобаға қатысу үшін қандай құжаттар қажет? Бұл сауалдарға төмендегі кеңестерді ұсынып отырмыз.

 

2019 ЖЫЛЫ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ

Бағдарламаны іске асыруға 2019 жылы тұрғын үй сатып алу үшін берілетін бюджеттік несиеге республикалық бюджеттен 29 маманға 87 376,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 50 маманға көтерме жәрдемақы төлеу үшін 8 837,5 мың теңге көлемінде қаржы қаралды.

Ағымдағы жылы бағдарлама бойынша 50 маманға жалпы сомасы 13 255,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді. Оның ішінде:

- денсаулық сақтау саласынан 6 маман 1 590 ,6 мың теңге;

- білім беру саласынан 40 маман 10 604,0 мың теңге;

- мәдениет саласынан 2 маман 530,2 мың теңге;

- спорт саласынан 2 маман 530,2 мың теңге;

Ал тұрғын үй сатып алу үшін берілетін бюджеттік несие бойынша 10 маманға жалпы сомасы 32 308,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Оның ішінде:

- білім саласынан 4 маман 11 752,0 мың теңге;

- денсаулық сақтау саласынан 4 маманға 12 603,0 мың теңге;

- спорт саласынан 2 маманға 7953,0 мың теңге;

 

ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?

Көтерме жәрдемақы алған кезде:

1) өтініш(үлгі бойынша);

2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландыратын еңбек кітапшасының көшірмесі;

4) білімі туралы диплом көшірмесі;

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

1) өтiнiш (үлгі бойынша);

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

4) жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

5) сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

6) Кредиттік бюродан есеп

Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

1) өтiнiш (үлгі бойынша)

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

4) жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

5) сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

6) Кредиттік бюродан есеп.

Осы Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.

Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.

 

ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ?

- жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы төленеді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап  айлық есептік көрсеткішті 2651 теңгені құрайды. Нәтижесінде жоба бойынша қатысушы 265 100 теңге көлемінде жәрдемақы алды;

- қажеттілігіне қарай тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау арқылы 1500 еселік айлық есептік көрсеткіш 1 сәуірден бастап 4 167 000 теңгеге дейін 15 жыл мерзімге 0,01 пайыздық мөлшермен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

 

КЕРЕК КЕҢЕС

Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді.

1. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну және/немесе әлеуметтік қолдау шараларын алуға көрсетілетін қызметті алушыларды есепке алу және кезектілікке қою туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі қаулысының жобасын немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну және/немесе әлеуметтік қолдау шараларын алуға көрсетілетін қызметті алушыларды есепке алу және кезектілікке қою туралы қаулысы төрт жұмыс күні ішінде қабылданады.

2. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге (мекенжайы және байланыс деректері көрсетілген) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) жасасу үшін жүгіну қажеттігі туралы, есепке алу және кезектілікке қою туралы хабарламасы немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі. Сәтті көрсетілген жағдайда Порталға келісімге қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы көрсетілген хабарлама жіберіледі.

 

ҚОЛДАУ ТАПҚАННАН КЕЙІНГІ МІНДЕТ:

1. Меншiгiне сатып алынған немесе салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы келiсiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге міндеттеледі;

2. Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi;

3. Егер де жоғарыда аталған әлеуметтік қолдау шаралары жоба қатысушысына берілсе, тиісті ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымында міндетті түрде 3 жыл тұрақты жұмыс істеуі қажет. Сатып алынған тұрғын үй сол кезеңде аудандық экономика және қаржы бөлімінде кепілде тұрады.

4. Казталов ауданының экономика және қаржы бөліміне тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама, жылына бір рет мекен-жай анықтамасын ұсынып отыруы керек.

Жас мамандар сіздерден, әрбір іске ұқыпты және жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз. Осынша қаржыны қолға алған жас маманға артылатын міндет – ауылдың өркендеуіне үлес қосу және сапалы қызмет жасау. Көрсетілген көмектерге қол жеткізген жас маман бағдарламаның шарты бойынша ауылдық жерде 3 жыл қызмет етуге және әр тоқсан сайын жұмыс орнынан тиісті орындарға анықтама өткізіп тұруға міндетті. Осы уақыт аралығында сатып алынған үйдің кепілде тұратынын да естен шығармау қажет. Егер көрсетілген ережелер жас қызметкер тарапынан бұзылса, ол барлық шығынды өтеуі тиіс.

 

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары

Дата публикации
22 June 2020
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Kaztalov Aýdany Ákiminiń Apparaty
Меню подвал
Цели устойчивого развития
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Виртуальная Приемная
Государственные символы РК
Сайт Парламента РК
Открытое Правительство
Законодательство
Структура Правительства РК