2023 жылғы 10 қыркүйекке тағайындалған Жалпақтал ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Жалпақтал сайлау округін құру туралы

2023 жылғы 10 қыркүйекке тағайындалған Жалпақтал ауылдық округі  әкімін сайлау жөнінде Жалпақтал сайлау округін  құру туралы

КАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Казталов ауылы                                   №26                         2023 жылғы 2 тамыз

 

2023 жылғы 10 қыркүйекке тағайындалған

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданының  Жалпақтал ауылдық округі

әкімін сайлау жөнінде Жалпақтал сайлау округін

құру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының  14-бабының  6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. 2023 жылғы 10 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Жалпақтал ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Жалпақтал ауылдық округі аумағының шекарасында – Жалпақтал сайлау округі құрылсын.
  2. Осы шешім аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық - саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

                  Казталов аудандық сайлау

       комиссиясының Төраға орынбасары                       Р.Нурекешов