Жалпақтал ауылдық округі әкімінің сайлауын 2023 жылғы 10 қыркүйекке тағайындау туралы

Жалпақтал ауылдық округі  әкімінің сайлауын 2023 жылғы 10 қыркүйекке  тағайындау туралы

КАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Казталов ауылы                                   №25                         2023 жылғы 2 тамыз

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданының Жалпақтал ауылдық округі

әкімінің сайлауын 2023 жылғы 10 қыркүйекке

тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2 - тармақтарына сәйкес Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Жалпақтал ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 10 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 10 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Жалпақтал ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы шешімнің көшірмесі Казталов ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы шешім аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

                  Казталов аудандық сайлау

       комиссиясының Төраға орынбасары                       Р.Нурекешов