2007 жыл
Казталов аудандық сайлау комиссиясының хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 44-бабына сәйкес Казталов аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары хаттамаларын негізге ала отырып, аудандық сайлау комиссиясы аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар жөніндегі мәліметті хабарлайды:
№ 1 Казталов сайлау округі бойынша:
Жалпы сайлаушылар саны – 1684, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар – 1142, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: В.К.Ғабидуллинге – 766, М.Қ.Жангерееваға – 197, А.Т.Сұпығалиевке – 123. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 56.
Аудандық мәслихат депутаты болып Ғабидуллин Владимир Кәрімұлы сайланды, 1955 жылы туған, «Казталов» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Казталов ауылында тұрады.
№ 2 Мерғалиев сайлау округі бойынша:
Жалпы сайлаушылар саны – 1595, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар – 1241, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Ж.Қ.Хайруллинге – 645, А.Ж.Шалақашевқа – 510. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 86.
Аудандық мәслихат депутаты болып Хайруллин Жұмабек Қуанұлы сайланды, 1959 жылы туған, «Қуан» шаруа қожалығының жетекшісі, Казталов ауылында тұрады. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
№ 3 Бостандық сайлау округі бойынша:
Жалпы сайлаушылар саны – 1478, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар – 1420, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Д.К.Дәулетияровқа – 289, Қ.Н.Мұқановқа – 1119. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 12.
Аудандық мәслихат депутаты болып Мұқанов Қадырбек Нағымұлы сайланды, 1963 жылы туған, Казталов аудандық мәслихат хатшысы, Казталов ауылында тұрады. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
№ 4 Тереңкөл сайлау округі бойынша:
Жалпы сайлаушылар саны – 1671, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар – 1523, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: У.Жағыпаровқа – 978, С.С.Ищановқа – 484. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 61.
Аудандық мәслихат депутаты болып Жағыпаров Уалихан сайланды, 1965 жылы туған, Бірік орта мектебінің директоры, Әжібай ауылында тұрады. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
№ 5 Қараоба сайлау округі бойынша:
Жалпы сайлаушылар саны – 1670, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар – 1466, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Н.С.Дүйсековке – 1025, А.М.Махотовқа – 426. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 15.
Аудандық мәслихат депутаты болып Дүйсеков Нұрлығали Сағынғалиұлы сайланды, 1973 жылы туған, Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының директоры, Қараоба ауылында тұрады. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
№ 6 Болашақ сайлау округі бойынша:
Жалпы сайлаушылар саны – 1442, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар – 1402, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: С.Ғ.Мақсотовқа – 519, М.А.Мырзағалиевқа – 853. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 30.
Аудандық мәслихат депутаты болып Мырзағалиев Мирболат Айекеұлы сайланды, 1963 жылы туған, Көпкүтір негізгі мектебінің директоры, Көпкүтір ауылында тұрады. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
№ 7 Қайыңды сайлау округі бойынша:
Жалпы сайлаушылар саны – 1444, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар – 1425, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Н.Қ.Досахановқа – 605, А.М.Омаровқа – 475, Е.С.Санкубаевқа - 305. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 40.
Аудандық мәслихат депутаты болып Досаханов Нұрлан Қабдолұлы сайланды, 1969 жылы туған, жеке кәсіпкер, Қайыңды ауылында тұрады. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
№ 8 Жаңажол сайлау округі бойынша:
Жалпы сайлаушылар саны – 1523, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар – 1453, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Т.Т.Неғметовке – 722, Б.К.Өтеғұловқа – 681. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 50.
Аудандық мәслихат депутаты болып Неғметов Тұрарбек Тұрсынғалиұлы сайланды, 1970 жылы туған, жеке кәсіпкер, Жаңажол ауылында тұрады. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
№ 9 Талдыапан сайлау округі бойынша:
Жалпы сайлаушылар саны – 1485, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар – 1331, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Б.Ө.Көбеновке – 804, Г.М.Қуандықоваға – 479. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 48.
Аудандық мәслихат депутаты болып Көбенов Бауыржан Өтебайұлы сайланды, 1973 жылы туған, Талдыапан орта мектебінің директоры, Талдыапан ауылында тұрады. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
№ 10 Жалпақтал сайлау округі бойынша:
Жалпы сайлаушылар саны – 1452, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар – 914, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Д.Қ.Ихсановқа – 535, С.К.Каюбалиевке – 109, А.С.Шаманаевқа - 227. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 43.
Аудандық мәслихат депутаты болып Ихсанов Дулат Қайырлыұлы сайланды, 1965 жылы туған, «Ихсанов» жеке кәсіпорын жетекшісі, Жалпақтал ауылында тұрады. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
№ 11 Орталық сайлау округі бойынша:
Жалпы сайлаушылар саны – 1598, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар – 1042, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: М.С.Есмағұловқа – 751, Ж.М.Мухамбетьяровқа – 229. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 62.
Аудандық мәслихат депутаты болып Есмағұлов Мағауия Сансызбайұлы сайланды, 1971 жылы туған, № 17 кәсіптік мектебінің директоры, Жалпақтал ауылында тұрады. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
№ 12 Көктерек сайлау округі бойынша:
Жалпы сайлаушылар саны – 1381, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар – 1281, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Қ.Ф.Қабдиевке – 614, Е.Қ.Молдашевқа – 639. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 28.
Аудандық мәслихат депутаты болып Молдашев Ержан Жәрдемұлы сайланды, 1972 жылы туған, «Көктерек» шаруа қожалығының жеткшісі, Көктерек ауылында тұрады. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
№ 13 Қарасу сайлау округі бойынша:
Жалпы сайлаушылар саны – 1440, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар – 1433, депутаттыққа үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Е.Ғ.Ғазизовке – 1187, А.Қ.Насеновке – 240. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 6.
Аудандық мәслихат депутаты болып Ғазизов Еркін Ғазизұлы сайланды, 1955 жылы туған, Қарасу орта мектебінің директоры, Қарасу ауылында тұрады. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
Казталов аудандық сайлау комиссиясының төрағасы К.Садбеков
Казталов аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Қ.Өміралиев