SMS арқылы рәсімдеуге болатын қызметтер саны артты

SMS арқылы рәсімдеуге болатын қызметтер саны артты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы SMS-хабарлама арқылы 45 мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы хабарлайтын жаңа сервисті іске қосты.  Енді клиенттер қызметтің нәтижесін білу үшін ХҚО-ға қайтадан жүгінбейтін болады.

Сервис әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, еңбек мигранттарына рұқсат құжаттарын беру, мектепке дейінгі ұйымдар және азаматтық хал актілерін рәсімдеу қызметтерін қамтиды.

Тізімге енген мемлекеттік қызметтердің арасында баланың туылуы және оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау, баланы мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою, асыраушысынан айырылған жағдайдағы жәрдемақы тағайындау, еңбек мигранттары рұқсатын рәсімдеу немесе ұзарту және спорттық атақтар беру сынды мемлекеттік қызметтер бар.

«Бұрын клиент осындай қызметтер бойынша ХҚО-ға келіп өтінім беріп, дайын құжатты алу жөніндегі қолхат алатын. Содан кейін ол қажетті құжатты алу үшін қайтадан келуге мәжбүр болды. Енді осы сервисті енгізу нәтижесінде ХҚО-ға екінші рет барудың қажеттілігі жоқ. Клиентке сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді, ол арқылы дайын құжатты жүктеуге және қажет болған жағдайда оны басып шығаруға болады. Бұл жүйе клиенттердің уақытын едәуір үнемдейтіні сөзсіз», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Дыбыспаев.

Жаңа сервис бойынша қолжетімді мемлекеттік қызметтердің толық тізімімен Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында танысуға болады. «Азаматтарға арналған үкімет»

 

мемлекеттік корпорациясының

Батыс Қазақстан облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі