Кезекті сессия

Кезекті сессия

25 желтоқсан күні Қазталов аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымындағы кезекті 42 сессиясы оздырылды.

📌Кезекті сессияға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, салалық мекеме басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде аудандық мәслихат хатшысының мәслихат депутаттарына есебі тыңдалып, қосымша сұрақтар қойылды.

📌Сонымен бірге сессияда Қазталов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №29-1 «2019-2021 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, ауданның 2020-2022 жылдарға арналған бюджетін бекіту, аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №30-1 «Сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, аудандық мәслихаттың 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы мәселелер көтеріліп, депутаттардың дауысына салынды.

📌Сессия соңында аудан әкімі Альберт Есалиев депутаттардың назарына аудандағы кейбір өзекті мәселелерді мысалға келтіріп, болашақта бірлесе шешуге шақырды.