
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының қабылданып, қолданысқа енгізілгеніне бір жылдан астам уақыт өтті.
Жаңа заң адвокатураның құрамын одан әрі жақсартуға бағытталып, нәтижесінде адвокаттық қызметтің сапасы және адвокаттар арасындағы бәсекелестікті арттырады деп күтілуде. Адвокаттардың жыл сайынғы кәсіби біліктілігін көтеру міндетін енгізу - бұл тек заң кәсібіне деген қажеттілік емес, бүгінгі жағдайдағы ажырамайтын бөлігі болып табылады.
Осы заң қабылданғанға дейін адвокаттар жетіспеушілігінің бірден бір себебі үміткерлердің кіру жарнасының көптігі болып келсе,ендігі жерде кіру жарнасын алып тасталуы адвокат кәсібіне қолжетімділікті қамтамасыз етілуіне және адвокаттар санының көбеюіне оң ықпалын тигізеді.
Сонымен қатар аталған заңда адвокаттардың сапасыз заң көмегін көрсеткені үшін жауапкершілікке тарту механизмінің қарастырылуы олардың жауапкершілігінің артуына себеп болады.
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына сәйкес жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылады. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия адвокаттық қызметпен айналысуға берілген рұқсат және оны үміткер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен, шарттарда тағылымдамадан және аттестаттаудан өткеннен кейін лицензия береді деп көрсетілген.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу үшін Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметі электронды түрде көрсетіледі. Бұл қызметті алудың тәртібі мен мерзімі жөнінде ақпарат алу үшін Батыс Қазақсан облысының Әділет департаментіне 51-52-76 нөміріне хабарласуға болады.