БҚО-да заңды тұлғаларды тіркеу бойынша онлайн қызметтерге сұраныс артты

БҚО-да заңды тұлғаларды тіркеу бойынша онлайн қызметтерге сұраныс артты

Бүгінгі күні "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін) есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет толығымен автоматтандырылған.

Мемлекеттік қызметті eGov электрондық үкімет порталында толтырылатын электрондық хабарлама беру арқылы алуға болады, адами фактор толығымен алынып тасталған.

ЖШС ашу үшін жаңадан бастаған кәсіпкерге мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ. Компьютер мен ЭЦҚ жеткілікті. ЖШС-ні порталда жарты сағат ішінде тіркеуге болады.

Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға құрылтайшы (құрылтайшылар) ҚР ӘМ белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жолдайды. Бұл хабарлама eGov-та толтырылады және жолданады.

Тиісті бағандарды толтырғаннан кейін жүйе барлық деректердің дұрыстығын тексеруді сұрайды. Егер бәрі дұрыс болса, жүйе ақпаратты өңдейді және ЖШС тіркеу туралы анықтаманы 30 минут ішінде береді. 

Заңды тұлғаны тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне де жүгінуге және құжаттарды қағаз тасымалдағышта тапсыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, жыл басынан бері БҚО бойынша заңды тұлға ретінде тіркелгісі келген 418 адамның 64,3%-ы мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алған.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының

БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі