Хабарлама

Хабарлама

2021 жылғы 17 қазанда Казталов ауданының Талдыапан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Казталов аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Казталов ауданының ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Талдыапан сайлау округі

Талдыапан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 724 азамат енгізілді, оның ішінде 700 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 46, "барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар – 13.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ишанов Е.Ж. – 25; Мырзагалиев А.Е. – 601; Шигапов Ф.Р – 15;

Талдыапан ауылдық округінің әкімі болып Мырзагалиев Адил Елемесович сайланды, 1990 жылы туған,  Казталов аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, Казталов ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

 

 

 

Казталов аудандық сайлау комиссиясы