Бүгін «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау залында аудан әкімі Асланбек Сарқұлов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, кәсіп ашу, «Қаладан-ауылға» бағдарламасы аясында ауылға көшіп келу және әлеуметтік қолдау мәселелері көтерілді. Әрбір өтініш пен ұсыныс мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнама аясында түсінік берілді.
Аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша салалық бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, тұрғындардың өтініштерін кезең-кезеңімен қарап, нәтижесі бойынша кері байланыс орнатуды тапсырды.
Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі