«HALYQ ZAÑGERI» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК АКЦИЯСЫ ӨТТІ
«HALYQ ZAÑGERI» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК АКЦИЯСЫ ӨТТІ
31 қазан күні ауданымызда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған «Halyq zañgeri» республикалық акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауатын арттырып, мемлекеттік мекемелерге деген сенімді нығайту, түрлі құқықтық мәселелер бойынша жедел әрі қолжетімді кеңес беру болды.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, аудан прокуроры Ерлан Гайпов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Марс Белгібаев сондай-ақ заңгерлер, нотариус, адвокаттар, жеке сот орындаушы, бөлімдер мен мекеме басшылары тұрғындарды жеке қабылдап, тегін құқықтық кеңес берді Акцияға қатысқан сала мамандары мұндай форматтағы ашық диалог алаңдары халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруда тиімді екенін атап өтті.
Тұрғындар да өз кезегінде қабылдаудың дер кезінде ұйымдастырылғанына алғыстарын білдіріп, туындаған мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік алғанын айтты.