
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қазақстан Республикасының Үкіметінің газды цифрлық есепке алу бойынша тапсырмасын орындау аясында үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында цифрландырудың сын-қатерлеріне дайын болудың маңыздылығын атап өтті.
Газ есептегіш құралдарының көрсеткіштерін автоматты түрде алу және тапсыру үшін QazaqGaz Aimaq мобильді қосымшасы әзірленді. Қосымша сынақтан өтіп, Қазақстанның барлық аймақтарында сәтті жұмыс істеп тұр. Ол Android және iOS жүйелерінде қолжетімді.
Қосымшаның негізгі артықшылықтары:
• Есептегіш құралдардың көрсеткіштерін бақылаушының келуінсіз немесе колл-центрге қоңырау шалусыз тапсыру мүмкіндігі.
• Деректердің автоматты түрде тіркелуі арқылы қателіктерді азайту.
• Төлемдер мен көрсеткіштер тарихының ашықтығы.
Көрсеткіштерді тапсыру әр айдың 25-30 (31) аралығында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, «ForteBank»-пен интеграция жүргізіліп, қосымша арқылы газға төлем қабылдау және пайдаланушыларға 11%-ға дейін кэшбэк алу мүмкіндігі қарастырылуда.
Қосымша уақытты үнемдеуге және пайдаланушылар үшін қосымша жайлылықты қамтамасыз етуге көмектеседі.