Жерді тиімді пайдалану – уақыт талабы

Жерді тиімді пайдалану – уақыт талабы

 

Ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуы үшін жер ресурстарын ұтымды пайдалану – басты міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ерекше құқықтық мәртебе берілген. Осыған орай мұндай жерлерді сақтау, олардың құнарлылығын арттыру және мақсатсыз пайдалануға жол бермеу – заң жүзінде қорғалатын талап.

Аталған талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында елімізде жерді бақылау және қадағалау жүйесі жұмыс істейді. Облыс көлемінде бұл бағыттағы мемлекеттік саясатты жер ресурстарын басқару департаменті жүзеге асырады.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасын орындау аясында қазіргі таңда пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Бұл шара жер қорын тиімді басқаруға және ауыл шаруашылығы айналымына тартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Осыған байланысты бүгін ауданымызға Батыс Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Тахир Нұрахметов арнайы іссапармен келіп, ауыл шаруашылығы жерлерін жалға алып, бірақ оларды пайдаланбай немесе тиімсіз пайдаланып отырған азаматтармен кездесті. Іс-шара барысында тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптары мен жер пайдаланушылардың міндеттемелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, туындаған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, заң талаптарына сәйкес әрекет ету қажеттігі ескертілді.

 

Назар АМАНҒАЛИЕВ,

Казталов ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы